Король жемқорлықпен түрмеде отырған экс-премьерді кешірмеді

105
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F952fvlgu3fJ6sYLh9CEU5DqpGbF08hDrs1nnZQ6.jpg

Малайзия королі Сұлтан Ибрагим 11 қыркүйекте елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың кешірім сұраған жаңа өтінішін қарауды кейінге қалдырды. Сол отырыста тағы 65 сотталушыға кешірім жасалғанын Reuters жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Разак 2022 жылдан бері мемлекеттік 1MDB қорындағы жемқорлық дауына байланысты түрмеде отыр. Тергеу мәліметінше, қордан ұрланған 1 миллиард доллардан астам қаражат саясаткермен байланысты шоттарға аударылған. Ал қордан жымқырылған қаржының жалпы көлемі шамамен 4,5 миллиард долларға жеткен. Бұрынғы премьер-министр өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған.

Бұған дейін Разакқа бастапқыда тағайындалған 12 жылдық бас бостандығынан айыру жазасы екі есеге қысқартылған болатын. Алайда кейін басқа іс бойынша оған қосымша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және 2,8 миллиард доллар көлемінде айыппұл тағайындалды.

Енді оның жаңа кешірім сұрауына қатысты шешім арнайы комиссияның келесі отырысында қабылданады.

Комментарии