Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Жарлыққа сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ереже бекітіліп, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының өкілеттіліктері айқындалды.
Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппаратына жаһандық сын-қатерлерге, ішкі ахуалдың өзекті аспектілеріне жан-жақты талдау жүргізу міндеті жүктелді.
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының құзырына Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, соның ішінде шұғыл отырыстарында қабылданған шешімдердің мүлтіксіз әрі толық орындалуын бақылау, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін арттыру, заң мен тәртіпті сақтау салаларындағы іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру кіреді.
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысады.
Бұдан бөлек, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары жоғарыда аталған шараларды іске асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіріп, халықаралық байланыс орнатады, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қызметін ұйымдастырады.
На круглом столе в Караганде говорили о роли Основного закона в становлении и построении правового государства
