Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Бұл туралы вице-президент Ерлан Қарин желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазір академиялық еңбектегі терминологияны біріздендіру, тарихи материалдар мен иллюстрацияларды жүйелеу, мәтіндерді редакциялау, беттеу және басқа да баспа алдындағы жұмыстар атқарылуда»,–деді ол.
Сондай-ақ вице-президент көптомдықты әзірлеуге жауапты редакторлар ұжымымен кездесу өткізіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылағанын жеткізді.
«Академиялық басылымның баспаға сапалы әрі талапқа сай дайындалуына қатысты атқарылып жатқан шаруалардың барысын сараладық. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады»,– деп толықтырды Ерлан Тынымбайұлы.
Новости по теме
