"Қаланың атын қояр ем". Якутияда депутат әйелімен аттас көше дауға айналды

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/a1Wn2IxtwDzPRU4OCK2I07AKAC33vSgSvxH2Y6it.webp

Якутияның Якутск қаласында Ил Тумэн депутаты Владимир Фёдоровтың жұбайының есімімен аттас көшенің пайда болуы қоғам талқысына түсті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жергілікті БАҚ дерегінше, «Победа» ауданында «Виктория» деп аталатын көше бар. Қоғам белсенділері оның атауына қатысты бірқатар сәйкестікке назар аударған. Атап айтқанда, «Виктория» — депутат Владимир Фёдоровтың жұбайының есімі. Сонымен қатар көше депутат қалалық мәслихат депутаты болған кезеңде пайда болғаны және осы кооператив аумағында оның отбасына тиесілі нысан болғаны айтылып отыр.

Белсенділер бұл жағдайдан әкімшілік ресурсты пайдалану белгілерін көріп, мәселені парламенттің этика жөніндегі комиссиясына жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Олардың пікірінше, депутат аудан топонимикасына жеке мүддесін араластырған болуы мүмкін.

Алайда Владимир Фёдоров бұл айыптаулармен келіспейді. Оның айтуынша, көшелерге атау беру оның құзыретіне кірмейді. Депутат «Виктория» атауы маңайдағы «Победа» саябағы мен көшесіне байланысты қалыптасқанын айтқан.

Фёдоров сондай-ақ бұл аумақта отбасының коттеджі болмағанын айтты. Оның сөзінше, мұнда ұлына тиесілі саяжай болған, бірақ ол шамамен 15 жыл бұрын сатылып кеткен.

Сонымен бірге депутат жақындарына деген қарым-қатынасы тұрғындарға байқалатынын мақтан тұтатынын айтты. Тіпті мүмкіндік болған жағдайда сүйікті адамының құрметіне қалалардың атын да қояр едім деген пікір білдірді.

Владимир Фёдоров — Якутиядағы Ил Тумэн (Мемлекеттік жиналыс) депутаты. Ол III, IV, V және VII шақырылымдарға сайланған.

Қазір Фёдоров экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіптік саясат комитетінің, сондай-ақ Кәсіпкерлік және туризм комитетінің мүшесі.

Депутаттық мандат алғанға дейін Фёдоров кәсіпкерлікпен айналысқан. Қазір оның бұрынғы бизнесін жұбайы Виктория Михайловна жүргізіп келеді.

Picture background

Комментарии