Көшпенділер ойыны. Қазақ шабандоздары бәйгеде барлық жүлдені иеленді

25
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hXOKpVwLG82patFyJUXCPj00fa5thI0VGKVnMY8G.jpg

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық шабандоздар Аламан бәйгеде жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна".

25 шақырымдық жарыста үш жүлделі орынның барлығын Қазақстан құрамасының өкілдері иеленді.

Бас жүлде 21-нөмірмен жарысқа қатысқан шабандоз мінген «Айман» жүйрігіне бұйырды. Бірінші орын иегеріне 1,5 миллион сом көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Бұл шамамен 7,5 миллион теңгеге тең.

Екінші орын үшін 1 миллион сом, ал үшінші орынға 500 мың сом көлемінде жүлде қарастырылған.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үш күнінде Қазақстан құрамасы 34 медаль жеңіп алды. Оның 16-сы — алтын, 8-і — күміс, 10-ы — қола.

Комментарии