Қазақстан бастамасымен. Әлемде тағы бір атаулы күн пайда болды

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZuTBBjBcYv6Ahl6vUPq8WhQmMHSef8zsWaVbHpDW.webp

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялайтын қарар қабылдады, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясындағы жалпы пікірталаста 2025 жылғы қыркүйекте сөйлеген сөзінде ұсынылған.

Қарардың тең авторлары қатарында әлемнің түрлі өңірлерінен 32 мемлекет бар.

Құжат қоршаған ортаны қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру, жасыл желектерді көбейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ қарар мемлекеттерді, БҰҰ жүйесін, халықаралық және өңірлік ұйымдарды, азаматтық қоғамды және басқа да мүдделі тараптарды планетаны көгалдандыру мен табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге арналған іс-шаралар өткізуге шақырады.

Комментарии