АҚШ президенті Дональд Трамп Атлант немесе Тынық мұхитының атауын өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы ол Ақ үйдегі журналистермен әңгімесінде айтты. Трамп бұған дейін Мексика шығанағын «Америка шығанағы» деп атауды ұсынған. 2026 жылғы тамызда ол Онтарио көлін «Америка көлі» деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.
«Бізде шығанақ бар, көл де бар. Енді бізге мұхит керек. Сондықтан Атлант және/немесе Тынық мұхитының атауын өзгертуге тура келуі мүмкін», – деді Трамп.
АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі әзірге нақты қайта атау туралы шешім емес. Сонымен қатар мұндай атаулардың халықаралық деңгейде мойындалуы жеке мәселе болып қала береді.
Новости по теме
Президентство К.Токаева характеризуется рядом значительных реформ и прогрессивных изменений в экономике РК
