Қазақстандық анимация АҚШ-та арнайы жүлде алды

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lPgsPZNv1k98D8uEney5iPbevKvWY3q374OuN4Id.jpg

Қазақстандық «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық жобасы АҚШ-тың Портленд қаласында өткен Portland Festival of Cinema, Animation & Technology халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Bugin.kz-ке сілтеп.

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шығарған жоба хоррор-анимация бағытында қазылар алқасының The DarkCat Award арнайы жүлдесіне лайық деп танылды. Марапат туындының хоррор жанрындағы көркемдік шешімі мен шығармашылық шеберлігі үшін берілген.  «KÖLEÑKE» жобасының сценарийін Ернар Тілеубаев жазған. Режиссері – Мақсат Аяпов, суретші-қоюшысы – Дайыр Жиенқұлов, атқарушы продюсері – Нұржигит Сұлтанберді. 

Фестивальдің негізгі бағдарламасына «Қазақанимацияның» тағы екі жұмысы – «Su perisi» фолк-хорроры мен «Shańyraq» драмасы да енді.

 

Комментарии