Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 852 адамға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, 604 адам жазадан толық босатылады. 115 сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Тағы 52 адамның жазасы жеңілдетіліп, 81 адамның бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылды. Рақымшылық жасалғандардың арасында жеті шетел азаматы, 49 әйел, 60 жастан асқан 37 ер адам және 375 жас бар. Сондай-ақ олардың 63-і бұған дейін қызметіне тыйым салынған ұйымдардың жұмысына қатысқаны үшін сотталған. Өзбекстанда рақымшылық туралы жарлық, әдетте, жылына үш рет – Рамазан айт, 1 қыркүйекте атап өтілетін Тәуелсіздік күні және 8 желтоқсандағы Конституция күні қарсаңында шығарылады.
Шавкат Мирзиёев 2017 жылы билікке келгеннен бері 31 рақымшылық туралы жарлыққа қол қойған. Олардың негізінде жалпы 10 567 сотталған қамтылған.
Год рабочих профессий: дан старт трансформации технического и профессионального образования в Казахстане
