Сабаққа боянып келген оқушының ата-анасы ескерту алады

193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8x8bK01f2oJRpUl4Sp2Wjc0aQ7sGY9G0NpiZiw70.jpg

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Жаңа оқу жылында Қазақстан мектептерінде оқушылардың сырт келбетіне қойылатын талаптардың сақталуы қатаң бақыланбақ, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Ақтау қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Римма Шабикова мәлімдеді.

Мектеп талаптарын сақтамаған оқушыға алдымен ескерту жасалады. Ескертуге құлақ аспаған жағдайда ата-анасы мектепке шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Талапты қайта бұзған жағдайда оқушының тәртібі білім беру ұйымының арнайы комиссиясында қаралуы мүмкін.

Қыздарға тырнақ бояуға, жасанды кірпік жабыстыруға, шашын бояуға және көзге түсетін әшекейлер тағуға шектеу қойылады. Мектеп формасы да білім беру ұйымы бекіткен талаптарға сай болуы тиіс.

Бұл талаптар ұлдарға да қатысты. Атап айтқанда, шаш үлгісі, мектеп формасы және сырт келбетке қойылатын басқа да талаптардың сақталуы бақыланады.

Мектеп формасына қойылатын негізгі талап – киімнің классикалық әрі ұстамды болуы. Қыздарға белдемше немесе шалбар, ал ұлдарға шалбар мен жейде кию қарастырылған. Белдемшенің ұзындығы мен сырт келбетке қатысты өзге де талаптарды мектептің ішкі тәртіп ережесі белгілейді.

Бұған дейін Қазақстанда оқушы мектеп формасын сақтамай келген жағдайда ата-анасына жауапкершілік қарастырылатыны ескертілген.

Комментарии