Жол апатынан екі баланың анасы қаза тапты

71
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XquaQzj1PqlfBv9oOP8m6hzsTcMVIvMJZt5Dp6AL.webp

Алматы облысының Бекболат ауылында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі қыздың анасы қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” Orda-ға сілтеп.

Марқұм электр велосипедімен жұмысқа бара жатқан.

Марқұмның үлкен қызы Аружанның айтуынша, анасы Бекболат ауылындағы Первомай ауруханасына жұмысқа бара жатқан кезде қарсы бағыттан Hyundai көлігі шыққан.

Туыстарының айтуынша, көлік жүргізушісі дер кезінде тоқтай алмай, әйелді шамамен 3-4 метрге сүйреп кеткен. Жол апатынан ол ауыр бас-ми жарақатын алып, III дәрежелі комаға түскен. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға кезінде көліктің ішінде сәби болған. Марқұмның жақындары жүргізуші балаға алаңдап, жолға назар аудармай қалған болуы мүмкін деп болжап отыр.

Марқұмның туыстарының айтуынша, полиция оқиға орнында жол апатының схемасын жасаған. Алайда олар схема барысында қателіктер жіберілуі мүмкін деп есептейді. Бұл жайт видеода да көрсетілген.

Туыстарының сөзінше, Hyundai жүргізушісі осы уақытқа дейін қаза тапқан әйелдің жақындарымен байланысқа шықпаған.

Марқұмның артында екі кішкентай қызы қалды. Қазір олардың туыстары істің жан-жақты әрі объективті тергелуін талап етіп отыр.

Комментарии