КҚК-дан соң. Қазақстан мұнай экспортының балама жолын қарастырып жатыр

59
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Pm3elEy5lSEXWHU0J3jGnJb2iiaBiu2NMGNHYgjD.jpg

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тасымалдауда іркіліс болған жағдайда Баку–Супса бағытын пайдалануды қарастырып жатыр, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 25 тамызда айтты.

Министрдің сөзінше, әзірге бұл мәселе бойынша Әзербайжан тарапымен тікелей келіссөз жүргізілмеген. Алдымен Қазақстан балама бағытты пайдалану мүмкіндігін өз ішінде пысықтауы керек.

«КҚК-ға жасалған шабуыл салдарынан 3,5 млн тонна мұнайды экспорттай алмадық. Бұл көлемді Ақтау порты арқылы Баку–Супса құбырымен жөнелтуге болар еді», – деді ол.

Баку–Супса құбыры жылына шамамен 5 млн тонна мұнай өткізе алады.

Еске салайық, КҚК-ға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 98 млн тоннадан 96 млн тоннаға дейін қысқарған.

Комментарии