Қатарынан гол соққан. Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты

182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KS15MerWZPN777DTQ1r56qwHxkwc07VHdhW3HZYo.jpg

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Ол қатарынан 25 маусым бойы кемінде бір гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Сауд Арабиясы чемпионатының алғашқы турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Риядты» 4:0 есебімен жеңді. Кездесуде Абдулела әл-Амри (18-минут), Анжело Габриэл (45+1), Жоау Феликс (58) және Криштиану Роналду (83) гол соқты.

Роналду матчқа 62-минутта қосылып, 83-минутта есепті 4:0-ге жеткізді.

41 жастағы футболшы үшін бұл ресми матчтардағы 977-ші гол болды. Осылайша, Роналду 1000 гол межесіне жету үшін тағы 23 гол соғуы қажет.

Португалиялық шабуылшының 25 маусымдық гол сериясы 2002-2003 жылғы маусымда «Спортинг» клубы сапында басталған. Сол маусымда ол кәсіби мансабындағы алғашқы голын соққан.

Комментарии