Сот билікке әкесінен кейін келген бұрынғы президентті өлім жазасына кесті

198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/B6yrC6Z142cja1CmJFa4E9mMVfG6t83MF8tTItx7.webp

Сирия соты елдің бұрынғы президенті Башар Асадты адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танып, сырттай өлім жазасына кесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкім 11 тамызда шығарылды.

Сот шешіміне сәйкес, Башар Асадқа қасақана кісі өлтіру, азаптау және заңсыз қамауға алу сияқты қылмыстар бойынша айып тағылған. Іс оның билігі тұсында Сирияда болған қақтығыс кезеңіндегі әрекеттерге қатысты қаралған.

Сондай-ақ сот бұрынғы президенттің туған інісі Махер Асад пен немере ағасы Атеф Наджибке қатысты да өлім жазасы туралы шешім шығарған. Махер Асад қасақана адам өлтіру, азаптау және қылмысқа арандату бойынша кінәлі деп танылған. Ал Атеф Наджиб Дераа провинциясындағы саяси қауіпсіздік бөлімін басқарған кезде болған заңбұзушылықтарға байланысты сотталған.

Башар және Махер Асад сот процесіне қатыспаған. Башар Асад 2024 жылғы желтоқсанда биліктен кеткеннен кейін Ресейге кеткен. Қазіргі уақытта оның Ресейде тұрып жатқаны хабарланды. Аталған іс Сириядағы бұрынғы билік өкілдерін жауапқа тарту бағытындағы сот процестерінің бірі саналады.

Башар Асад алғаш рет 2000 жылы әкесі Хафез Асад қайтыс болғаннан кейін жоғары билікке келген. Содан бері референдум, сайлау жолдарымен ұзақ уақыт билікте отырды. 

Комментарии