Самат Смақов "Атырау" клубының бас бапкері болып тағайындалды

86
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fuGQ3hex4FDusj8WTe3p5slammWKSqK0tE3iRIcn.webp

"Атырау" футбол клубының бас бапкері болып Самат Смақов тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Самат Смақов ойыншы ретінде де Қазақстан футболында өзіндік із қалдырған:

  • Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 76 матч өткізді;
  • ел чемпионы атанды;
  • төрт рет Қазақстанның үздік футболшысы деп танылды.

Оның бапкерлік мансабы да қарқынды дамыды. Смақов "Ордабасы" клубының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеп, кейін "Елімай" командасын басқарды. Оның жетекшілігімен семейлік клуб Премьер-лигаға жолдама алды.

Кейін Самат Смақов "Астана" клубында техникалық директор қызметін атқарып, одан соң "Жетісу" командасының бас бапкері болды.

"Жаңа бас бапкерімізге сәттілік, мол табыс және "Атыраумен" бірге жарқын жеңістер тілейміз!" – делінген клуб хабарламасында.

Премьер-лиганың 10-турында "Атырау" 9 тамызда "Ақтөбе" командасын "Түркістан Арена" стадионында қабылдайды.

"Атырау командасы негізгі стадионы дайын болмағандықтан, үйдегі матчтарын басқа аренада өткізіп жүр", – деп түсіндірді ҚПЛ баспасөз қызметі.

Комментарии