Ресей мен Пәкістан арасында алғашқы тікелей жүк пойызы бағыты іске қосылуы мүмкін

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sjjr3EcuLA7WiCmQX1t6UeWAQlX2AyxxX1yyjgYu.jpg

Ресей мен Пәкістан екі ел арасында алғашқы тікелей жүк теміржол бағытын іске қосу жобасын пысықтап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Известия басылымына сілтеп. 

Жоспар бойынша пойыздар Мәскеу – Фейсалабад және Мәскеу – Карачи бағыттарында екі тарапқа да қатынайды. Бұл туралы Ресейдің Пәкістандағы елшісі Альберт Хорев хабарлады.

Дипломаттың айтуынша, жобаға Беларусь тарапын да қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

«Біз пәкістандық әріптестерімізбен елдеріміз арасында алғашқы жүк теміржол бағытын ұйымдастыру жобасы бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Пойыздар Мәскеу – Фейсалабад және Мәскеу – Карачи бағыттарында екі жаққа да қатынауы жоспарлануда. Жобаға Беларусь тарапын қосу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр», – деді Альберт Хорев.

Елшінің мәліметінше, өңірдегі геосаяси жағдайдың 2025 жылы және 2026 жылдың басында шиеленісуіне байланысты жобаны жүзеге асыру бірнеше рет кейінге шегерілген.

Қазір тараптар тасымалдау қызметтерін көрсету туралы келісімшартты аяқтау және жоспарланған маршрут бойынша жүк тасымалдауға мүдделі компанияларды іріктеу кезеңінде.

Жаңа теміржол бағыты іске қосылған жағдайда Ресей мен Пәкістан арасындағы жүк тасымалының тікелей арнасы қалыптасып, екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамытуға мүмкіндік бермек.

 

Комментарии