АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер дүйсенбі күні түстен кейін басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазір біз келіссөздер форматында диалог жүргізіп жатырмыз. Олар ертең басталады», – деді Трамп 2 тамызда.
АҚШ президенті кездесуге кімдердің қатысатынын және оның қай жерде өтетінін нақтыламады. Алайда Трамп Ормұз бұғазы мәселесі бойынша келісім әзірленіп жатқанын, ал одан кейін Иранды ядролық қарусыздандыру жөніндегі келісімге қол жеткізілуі мүмкін екенін айтты.
Ақ үй басшысы Иранға кезекті соққы жасаудан неге бас тартқанын да түсіндірді.
«Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Иран өтініш жасады… Біз қалаған кез келген сәтте әрекет етуге дайынбыз», – деді ол.
Еске салайық, маусым айының соңында АҚШ пен Иран бейбітшілік туралы меморандумға қол қойған еді. Алайда шілде айының басында Трамп бітімнің аяқталғанын мәлімдеді. Осыдан кейін екі ел бір-біріне қарсы шабуылдарын қайта жалғастырды.
Президентство К.Токаева характеризуется рядом значительных реформ и прогрессивных изменений в экономике РК
