Армения президенті Ваагн Хачатурян Никол Пашинянды қайтадан елдің премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұған дейін Никол Пашинян Конституция талаптарына сәйкес жаңа сайланған парламенттің жұмысы басталуына байланысты үкіметтің отставкаға кеткенін хабарлаған. Бұл рәсім елдің негізгі заңында көзделген міндетті конституциялық процедура болып саналады.
Осыдан кейін билеуші «Азаматтық келісім» партиясы Пашинянның кандидатурасын қайтадан премьер-министр қызметіне ұсынды. Президент оның кандидатурасын бекітіп, тиісті жарлыққа қол қойды.
7 маусымда өткен парламенттік сайлауда «Азаматтық келісім» партиясы көпшілік дауысты иеленіп, жаңа үкіметті дербес жасақтау құқығына ие болды. Соның нәтижесінде елде билік ауысқан жоқ, ал барлық конституциялық рәсімдер аяқталған соң Никол Пашинян премьер-министр қызметін ресми түрде сақтап қалды.
Никол Пашинян Армения үкіметін 2018 жылдың мамыр айынан бері басқарып келеді.
Правительство открыто к конструктивному диалогу с инвесторами во всех сферах – Олжас Бектенов провел промежуточное заседание СИИ
