Ел үкіметі отставкаға кетті

150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/J1npZylItuiGIshDjxexdOzCMPWUy8aF1IlSnBQP.jpg

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен оның жетекшілігіндегі үкімет ресми түрде отставкаға кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Armenia Today жазуынша, министрлер кабинеті жаңа сайланған Армения парламенті өз жұмысына кірісуіне байланысты өкілеттігін тоқтатты.

Никол Пашинян бұл рәсім Армения Конституциясының 158-бабына сәйкес жүзеге асырылғанын хабарлады. Оның айтуынша, үкіметтің отставкасы туралы тиісті өтінішке қол қойылып, құжат Армения президенті Ваагн Хачатурянға жолданады. Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің отставкасын қабылдауы тиіс.

Жаңа үкімет жасақталғанға дейін қазіргі министрлер кабинеті өз міндеттерін уақытша атқара береді.

Сонымен қатар, Пашинян парламенттегі көпшілік бүгін президентке премьер-министр лауазымына үміткерді ұсынатынын айтты. Конституцияға сәйкес, президент парламент көпшілігі ұсынған кандидатураны кідіріссіз премьер-министр қызметіне тағайындауы қажет.

Комментарии