Мектеп формасы мен оқу құралдарына берілетін қаржылай көмек. Кімдер алады және қанша төленеді?

103
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AL9EDyTMZl0fVJzQzOwgYmkCaYILezHFS11xShGF.jpg

2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Министрліктің мәліметінше, 2026–2027 оқу жылы қарсаңында бұл көмекке шамамен 450 мың бала ие болады. Бағдарламаны қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

Бір оқушыға берілетін төлемнің ең төменгі мөлшері – 50 851 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Ал жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай кейбір өңірлерде көрсетілетін көмек көлемі бұдан да артуы мүмкін.

Қаржылай қолдау жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі.

Көмекті рәсімдеу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер қажетті құжаттарды баласы оқитын білім беру ұйымына тапсыруы қажет.

Комментарии