Павлодар полициясы көпқабатты тұрғын үйден құлаған мұз кесегінің салдарынан 25 жастағы әйелдің ауыр бас жарақатын алуына байланысты оқиғаның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Облыстық ПД мәліметінше, оқиғаға 12 жастағы қыз бала себеп болған. Жасөспірім балконда тұрып, мұздың бір бөлігін сындырмақ болған. Сол сәтте мұз қолынан абайсызда түсіп кетіп, төменге құлаған. Нәтижесінде ол өтіп бара жатқан әйелдің басына түскен.
Болған оқиғадан шошынған балалар болған жайды үлкендерге айтпай, жасырып қалған.
«Бала тәрбиелеудегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналары болған жағдайды толық мойындады», – деп түсіндірді полиция.
Еске салайық, оқиға 8 шілде күні болған еді. Зардап шеккен әйелдің туыстары осы уақытқа дейін полицейлер кінәлілерді таба алмай жүргеніне шағымданған болатын.
Духовные ценности и безопасность общества: в Павлодарской области прошли разъяснительные мероприятия
