Иорданияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері таңсәріде Ираннан ұшырылған бес баллистикалық зымыранды атып түсірді. Бұл туралы 29 шілдеде корольдік қарулы күштері мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мәлімдемеде әуе қорғанысы жүйелері «Ираннан ұшырылып, корольдік аумағына бағытталған бес зымыранның жолын кесіп, оларды жойды» деп көрсетілген.
Сондай-ақ Иордания қарулы күштерінің елдің әуе кеңістігін қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік егемендікті сақтау жөніндегі міндеттерін орындауды жалғастырып жатқаны атап өтілген.
«Мемлекеттің қауіпсіздігі мен азаматтардың өміріне қатер төндіретін кез келген әрекетке жол берілмейді»,– делінген хабарламада.
Еске салайық, 8 шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп 18 маусымға қараған түні қол жеткізілген атысты тоқтату режимінің енді күшінде емес екенін мәлімдеген болатын. Одан кейінгі күндері америкалық әскери күштер Иран аумағына бірнеше рет соққы жасаған. Вашингтон бұл әрекеттерді Иранның Ормұз бұғазы арқылы өткен коммерциялық кемелерге қарсы іс-қимылдарымен байланыстырды.
Өз кезегінде Тегеран Таяу Шығыстағы бірнеше елде орналасқан америкалық әскери базаларға соққы беріп, Ормұз бұғазын жапты. Сондай-ақ Иран билігі Ақ үйді бітім туралы меморандум талаптарын бұзды деп айыптады.
Санитарные врачи Акмолинской области обеспокоены ростом болезней опорно-двигательного аппарата у детей школьного возраста
