Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сыбига президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей-Украина қақтығысын тоқтату туралы ұсынысын қолдады. Тиісті мәлімдемені ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путинге соғысты тоқтататын уақыт келгені туралы үндеуін жоғары бағалаймыз. Бұл – шынайы жағдайға негізделген, дер кезінде айтылған, дана мәлімдеме», – деп жазды дипломат.
Сыбига Украина соғысты тоқтатуға бағытталған кез келген сындарлы бастаманы құптайтынын атап өтті. Алайда ол келіссөздерде елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығы ескерілуі тиіс екенін баса айтты. Сонымен қатар Киев диалогқа дайын екенін, бірақ ол Украина мүдделері мен халықаралық құқық нормаларына сай шарттар негізінде ғана жүргізілуі керектігін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей-Украина қақтығысын уақытша тоқтатуға шақырған еді. Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбітшілік пен диалогты қолдайтынын атап өтті.
На круглом столе в Караганде говорили о роли Основного закона в становлении и построении правового государства
