Зардап шеккендер бар. Круиздік лайнер гидротехникалық нысанға соғылды

100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GxyDHZXV2pEnmDw6jWg02FKANAOmc1Iy0bjdrXoL.jpg

Вена маңында MS Anna Katharina круиздік лайнері Фройденау гидротехникалық құрылысына соғылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Kronen Zeitung басылымы хабарлағандай, 14 адам зардап шеккен.

Оқиға орнында ауқымды құтқару операциясы жүргізілді. Алғашында оқиға орнына келген 60-қа жуық құтқарушы жолаушылардың суға батып кетуі мүмкін деген болжамды тексерген.

Алдын ала мәлімет бойынша, кеме бортында шамамен 200 адам болған. Олардың 14-і жеңіл жарақат алып, алтауы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында Германия мен Австрия азаматтары бар.

Соқтығыс салдарынан кеменің тұмсық бөлігі қатты зақымданған. Қазір абайсызда денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың нақты мән-жайы әзірге анықталған жоқ.

 

Комментарии