«Алтыналмас» АҚ-ның өндірістік нысандарының бірінде қайғылы оқиға орын алды. «Пустынное» тау-кен байыту кешенінің конвейер машинисі қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.
Компанияның мәліметінше, оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.
«Компания марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді. Жұртшылықтан расталмаған ақпаратты таратпауын сұраймыз», – делінген «Алтыналмас» АҚ хабарламасында.
Компания бұл жағдайды адам өліміне әкелген өндірістік жазатайым оқиға деп бағалап отыр.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға «Алтыналмас» АҚ-ның өндірістік нысандарының бірі саналатын «Пустынное» тау-кен байыту кешенінің аумағында болған.
Новости по теме
