Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

89
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jkYqhvdDmCFEKj8oxiSsP022d0KMLKuIg86BNwwa.webp

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы айыпталушының келмеуіне байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Іс Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қарала бастады. Алғашқы сот отырысы шамамен 15 минутқа созылған. Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, айыпталушы жедел респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) ауырып, дене қызуының көтерілуіне байланысты сотқа қатыса алмаған.

«Оған денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына қатыса алмайтыны жөнінде медициналық анықтама берілген», – деді адвокат.

Осыған байланысты сот істі қарауды кейінгі күнге қалдырды. Жаңа сот отырысының күні қосымша хабарланады.

Комментарии