Әл-Фарабидегі жол апатынан кейін қозғалған іс қайта тергеуге жіберілді

94
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/doh7mHyxRXvVtUYKtM0oid6P9B2qDBeS2PqOHuks.jpg

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында наурыз айында болған жантүршігерлік жол апатынан кейін қозғалған қылмыстық істердің бірі қайта жанданды. Әңгіме мемлекеттік тіркеу нөмірлерін заңсыз беру дерегі бойынша жүргізіліп жатқан тергеу туралы болып отыр, деп хабарлайды “Адырна”.

Еске салайық, 26 наурызда Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ведомствоның Өзіндік қауіпсіздік департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабының 1-бөлігі («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») негізінде қылмыстық іс тіркегенін хабарлаған еді.

Кейін, 3 маусымда, құқық қорғау органдары қылмыстық құқықбұзушылық құрамының жоқтығына байланысты істі тоқтатқан. Сол кезде тергеу барысында кімнің күдікті ретінде қаралғаны жария етілмеген.

Алайда Алматы қаласының прокуратурасы іс материалдарын қайта қарап, қосымша тергеу жүргізу қажет деген шешім қабылдаған.

«Қылмыстық іс материалдарын зерделеу нәтижесінде қала прокуратурасы істі қосымша тергеуге қайтарды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр», – деп мәлімдеді қадағалау органы редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта бұл іс бойынша күдікті деп танылған ешкім жоқ.

Комментарии