"Халық мүддесі үшін". Заңгер Құрылтай депутаттығына үміткер Аша Матайды пікірсайысқа шақырды

135
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xtf2oniN7sIAO63ypw3YXdtBys68L8gB8TzaHTm8.jpg

Заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, шоу-бизнес өкілдерінің Құрылтай депутаттығына үміткер болуы қоғамда қызу талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның сөзінше, әсіресе әншілер Аша Матай мен Тамара Асардың кандидат ретінде тіркелуі қоғамның назарын аударған.

"Заң шығаратын орган – адамның жеке қалауымен баратын орын емес. Бұл – халықтың қалауымен барып, халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтін жер", – деді заңгер.

Сондай-ақ Мейірман Шекеев Аша Матайдың заңнаманы толық оқып шыққаны туралы айтқан сөзіне күмән келтіріп, оны ашық пікірсайысқа шақырды.

"Мен 26 жылдан бері заң саласында еңбек етіп келемін. Соның өзінде барлық заңды толық оқып шықтым деп айта алмаймын. Сондықтан Аша Матайды қазақтың болашағын айқындайтын Құрылтай мәселесі бойынша ашық дебатқа шақырамын", – деді ол.

Әзірге Аша Матай заңгердің бұл ұсынысына қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Халық партиясы Құрылтай сайлауына ұсынған кандидаттар тізіміне әнші әрі тележүргізуші Аша Матай мен Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар енген. 

Комментарии