Қазақстан мен Иран Ормуз бұғазындағы Шахид-Раджаи портында қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу жөніндегі Build-Operate-Transfer – салу, пайдалану және беру (BOT) келісіміне қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Келісім 27 жыл мерзімге жасалған. Оның ішінде 2 жыл терминал құрылысын жүргізуге, ал кейінгі 25 жыл нысанды пайдалануға арналған. Ал жобаның үшінші жылында терминалды коммерциялық пайдалануға беру жоспарланған.
«Аталған жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Иран арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болмақ. Иранның ең ірі портында Қазақстан терминалының құрылуы «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің транзиттік әлеуетін нығайтуға, логистикалық бағыттардың тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ қазақстандық өнімнің Парсы шығанағы елдерінің, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның, сондай-ақ Шығыс Африка нарықтарына тиімді шығуын қамтамасыз ету арқылы экспорт географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді»,– делінген Сауда және интеграция министрлігінің хабарламасында.
Без знания государственного языка теперь невозможно будет получить гражданство Республики Казахстан.
