Атырауға қарасты аумақта қамыс өрті сөндірілмеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Нақтырақ, Еркінқала ауылдық округінен Каспий теңізі бағытына қарай шамамен 40 шақырым жерде орналасқан Исатай және Махамбет аудандарының шекарасындағы жетуі қиын батпақты аумақта болған қамыс өрті әлі толық сөндірімеген.
Өңірдің коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 7 шілде сағат 15:00-дегі жағдай бойынша алдын ала есеппен өрт 69 гектар аумақты шарпыған. Оның 53 гектары өрт сөндірушілердің күшімен сөндірілсе, тағы 11 гектарында жалын өздігінен өшкен. Ал қазір шамамен 5 гектар аумақ өртеніп жатыр.
Өртті сөндіру жұмыстары батпақты әрі арнайы техниканың жүруіне қолайсыз жерде жүргізілуде. Оқиға орнында Атырау облыстық ТЖД 34 қызметкері мен 7 техникасы, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының 10 қызметкері мен 5 техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның 11 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.
В Атырау более 600 жителей приняли участие в церемонии поднятия Государственного флага в честь Дня Республики
