Зардап шеккендер бар. Мотоцикл мен жеңіл көлік соғысты

192
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7Svvkf5iKkpwmVEEhRVmHn85QNpF9AJwUWLdNHJa.webp

Фото: Zakon.kz
Алматыда 7 шілдеге қараған түні Сейфуллин даңғылы мен Никитин көшесінің қиылысында жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Zakon-ға сілтеп.

Алдын ала мәлімет бойынша, солтүстік бағытта келе жатқан BYD маркалы жеңіл көлік Никитин көшесіне солға бұрылған сәтте қарсы бағытта келе жатқан Honda маркалы мотоциклмен соғысқан.

Салдарынан мотоциклдегі жүргізуші мен жолаушы жолға ұшып кеткен. Жеңіл көлік апаттан кейін бірден тоқтай алмай, жол жиегіндегі бордюрге соғылған.

Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, жолаушысымен бірге ауруханаға жеткізілді. Ал жеңіл көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Комментарии