Қонаевта Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш өтті

77
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RajQ6aezIMhWUjxZZDS0kerPHvEEEbJcqpXONSQc.jpg

Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақтың амфитеатрында Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, ұлттық құндылықтың символына айналған домбыраның қазақ халқының рухани өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті. Ол ұлттық өнерді дәріптеу, дәстүрлі музыканы насихаттау және өскелең ұрпаққа ұлттық мұраны жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

Мерекелік концертте Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбек, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, «Алатау серілері» тобы, «Ақ жауын» камералық оркестрі және Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары өнер көрсетті. Кеш барысында ұлттық күйлер мен халық әндері орындалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Комментарии