Абай музейге өткізген домбыра. Ұлттық мерекеде ерекше көрме ашылды

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xoc7Xze7M8VffdN35JeRvMEB8sBlRjchToEbSuJO.webp

Семейде Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ашылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Көрмеде ақын Абай Құнанбайұлы музейне өткізген домбырасы қойылған.

Музей директоры Ұлан Сағадиевтің айтуынша, көрме ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған маңызды мәдени шаралардың бірі.

"Ұлттық домбыра күніне орай музейімізде арнайы көрме ұйымдастырып отырмыз. Көрмеде кәсіби күйші-орындаушылардың музыкалық аспаптарымен қатар, қорымыздағы ең құнды жәдігерлердің бірі – ұлы Абайдың домбырасы көпшілік назарына ұсынылды. Бұл жәдігер халқымыздың рухани мұрасын айғақтайтын ерекше құндылықтардың бірі", – деді музей директоры.

Музей өкілдері көрмеде ұлы Абайдың домбырасымен бірге Шәкәрімнің ұлы Ахаттың домбырасы, сондай-ақ белгілі күйші-орындаушылар пайдаланған музыкалық аспаптар ұсынылып отырғанын хабарлады. Көрме бір ай бойы ашық болады.

Комментарии