Қызметтік міндетін атқару кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты – министр

163
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hyRuPLaILEcGeUq9CI6grJRyKtMNnbmXDdnLRc51.webp

Батыс Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Министр әлеуметтік желідегі парақшасында қаза болған полицейлердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысы ПД Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды Ержан Сәденов.

Сонымен қатар ішкі істер министрі ведомство тарапынан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Оқиғаның мән-жайы туралы әзірге қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

Комментарии