Ресейдің жүрегі. Мәскеу тағы да дрон шабуылына ұшырады

114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nvYpOVYGFAbTWsrOuewSkZIHMl6LTcVqZmFU3lxL.webp

4 шілдеге қараған түні Мәскеуге тағы да ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жаппай шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің мәліметінше, қалаға бағытталған 20-дан астам дрон Ресейдің әуе қорғаныс күштері тарапынан атып түсірілген. Қазір құлаған бөлшектер түскен жерлерде төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін, 3 шілдеде Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі Мәскеуге бағытталған 27 дронды жойғаны хабарланған. Соңғы шабуылдарға байланысты Мәскеудегі Внуково және Домодедово әуежайларының жұмысына уақытша шектеулер енгізілді.

Еске салайық, Мәскеу мен Мәскеу облысына ең ауқымды дрон шабуылдарының бірі 18 маусымға қараған түні болған еді. Сол кезде Мәскеу мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шығып, «Садовод» базарына зақым келгені хабарланған.

Ал Украина биыл Еуроодақ несиесі есебінен алынған қаражатқа шамамен 4 миллиард еуроға ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алуды жоспарлап отыр.

Комментарии