Венесуэлалық футболшы жер сілкінісі кезінде жұбайынан айырылды

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/M0zVIWXgI610lEILUSVoGHhHAQ01Z2xrWq2kmcTW.jpg

28 жастағы венесуэлалық футболшы Эктор «Кике» Бельо 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан кезде жұбайының жер сілкінісінен қаза тапқанын естіді. Оның ұлттық құрамасы турнирге қатыспағанымен, спортшы жарысқа қонақ ретінде барған, деп хабарлайды “Адырна”.

Спортшының жұбайы Андреа Ла-Гуайрадағы ғимараттың құлауы кезінде бір жасар қызы Аланаға өз денесімен қалқан болған. Қыз аман қалып, қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

Бельо Instagram парақшасында жұбайына арнап жазба жариялады.

«Мен оған сенің оны қалай құтқарғаныңды айтып беремін, жаным. Қызың үшін өз өміріңді қалай қиғаныңды, соңғы сәтке дейін оны тастамаған қайсар әйел болғаныңды жеткіземін», деп жазды футболшы. 

Тағы бір жазбасында ол қызына болған оқиғаны қалай түсіндіретінін білмейтінін айтып, өзіне күш беруін сұрады.

Венесуэла футболшыларымен жұмыс істейтін Cumana de Campeones ұйымы Андреаның қаза тапқанын растады. Оның денесі отбасы тұрған үйдің қирандыларының астынан табылған.

Айта кетейік, 24 маусым күні Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын жер сілкіністері болды. Ұлттық ассамблеяның мәліметінше, кемінде 1430 адам қаза тауып, үш мыңнан астамы жарақат алған. Құтқарушылар әлі де үйінділерді аршып жатыр, жүздеген адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Зілзаладан футбол әлемінің өзге өкілдері де зардап шекті. Каракас клубының жас ойыншысы Разан Сихаа Ла-Гуайрада отбасымен бірге қаза тапты. Ал Club Sport San Agustin академиясы өз түлегі, Maritimo de La Guaira клубының ойыншысы Виктор Паласиостың да қайтыс болғанын хабарлады.

Комментарии