Қытай суасты қайықтарын дамыту қарқыны бойынша әлемдік көшбасшыға айналды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
БАҚ мәліметінше, 2021 жылдан бері елдің кеме жасау зауыттары 24 суасты қайығын суға түсірген. Бұл Ресейдің осы кезеңде жасаған 12 суасты қайығынан екі есе, ал АҚШ-тың жеті субмаринасынан үш еседен астам көп.
Жалпы алғанда, соңғы бес жылда әлемнің шамамен 16 мемлекеті 77 суасты қайығын пайдалануға берген. Оның 33-і – Қытай, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Үндістанда жасалған атомдық суасты қайықтары.
Сонымен қатар Бразилия мен Солтүстік Корея да атомдық суасты қайықтарын жасап жатыр, бірақ олардың жобалары әзірге сынақ кезеңіне жеткен жоқ. Ал Оңтүстік Корея мен Аустралия болашақта өздерінің атомдық суасты қайығын құру жоспарын жариялаған.
Сарапшылардың айтуынша, Қытайдың артықшылығы тек өндіріс көлемімен шектелмейді. Соңғы бес жылда ел жеті жаңа суасты қайығы жобасын сынақтан өткізіп, жаңа технологияларды енгізу қарқынын да айтарлықтай жеделдеткен.
Бұдан бөлек, Қытай көлемі кәдімгі суасты қайықтарымен шамалас келетін XXLUUV класындағы ірі ұшқышсыз суасты аппараттарын жасау бағытында да көш бастап келеді.
БАҚ дерегінше, мұндай ауқымда мұндай техниканы ешбір мемлекет өндіріп жатқан жоқ.
«Токаев задал новый экологический тренд, сместив акцент с краткосрочных мероприятий на структурированные проекты» – эколог
