Қоштасу рәсімі ме? 30 маусымда Парламент палаталарының соңғы отырысы өтеді

116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VNAaC1tOtcATJgUlNDvZQQpPLGxA2qUt1U7gWlha.jpg

26 маусымда VIII шақырылымдағы Қазақстанның Парламенті Мәжілісінің төртінші сессиясының қорытынды жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Отырыс барысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойғанын хабарлады.

Өкімге сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сай Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 11:00-де Астана қаласында өтеді.

Қорытынды отырыста депутаттар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат енгізген түзетулерді қарап, олармен келісті.

Сонымен қатар мәжілісмендер «2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан–Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдап, оны қарау үшін Сенатқа жолдады.

Осылайша, Мәжілістің төртінші сессиясының қорытынды отырысында заң шығару жұмыстарының бірқатар маңызды мәселелері қаралып, алдағы Парламент Палаталарының бірлескен отырысының күні ресми түрде белгіленді.

Комментарии