“Өтемақы аламын” деген әйел алаяққа алданып, үйін өртеген

116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/M5gxX3JEEs7fQvCvkxvQDjTWTBBkIpkc6j7tfSHT.webp

Челябі қаласында алаяқтардың ықпалымен әйел адам өз пәтерін өртеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада белгісіз ер адамның әйелге нұсқау беріп, оны пәтеріндегі төсекке қағаз қойып, от жағуға итермелегені байқалады. Кадрларда ер адам «барлығы тіркеліп жатыр», «бес минут күту керек» деген мазмұнда сөйлеп, әрекетті жалғастыруға көндіргені естіледі.

От тұтанғаннан кейін жалын тез таралып, бөлмені шарпыған. Алайда алаяқтың қысымына қарамастан, әйел кейін есін жиып, пәтерден шығып үлгерген. Онымен бірге көршілері де қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Кейінірек құқық қорғау органдары әйелдің алаяқтарға алданып, оларға 40 мың рубль аударғанын және пәтерді өртеген жағдайда сақтандыру төлемі төленеді деген уәдемен әрекет еткенін хабарлады.

Полиция аталған факті бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғады.

Тергеу амалдары жүргізілуде. Мамандар азаматтарды бейтаныс адамдардың нұсқауымен ешқандай әрекет жасамауға және қаржылық операцияларды тексерусіз орындамауға шақырды.

Комментарии