Ирандық экологтар Каспий суы қатты төмендегенін хабарлады

237
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qOGFGCEQPDU8cIu8Tm7GREmJwHlE88QYrZK6u8ax.jpg

Иранның экология саласына жауапты ведомствосы Каспий теңізі деңгейінің соңғы жылдары жедел төмендеуіне байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы елдің қоршаған ортаны қорғау ұйымының теңіз ластануын зерттеу және онымен күрес департаментінің директоры Омида Саддеги мәлімдеді.

Маманның айтуынша, 1995 жылдан бері Каспий теңізі деңгейі жалпы алғанда шамамен 2,5 метрге төмендеген. Соның ішінде соңғы 4–5 жыл ішінде су деңгейі шамамен 1 метрге азайып, процестің айтарлықтай жеделдегені байқалады.

Саддегидің мәліметінше, Каспийге құятын судың негізгі бөлігі — шамамен 80%-ы Еділ өзені арқылы келеді. Ал Иран аумағындағы өзендердің үлесі небәрі 5% шамасында. Қазіргі уақытта аймақтағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру және салдарын азайту мақсатында өңірлік іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. Бұл құжат алдағы жазда Тегеранда өтетін «COP7» саммитінде Каспий маңы елдерінің қатысуымен талқыланбақ.

Мамандар теңіз деңгейінің төмендеуі экожүйеге, балық шаруашылығына және жағалау инфрақұрылымына елеулі қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертуде.

Комментарии