Ресей сұрауы бойынша іздеуде жүрген қазақстандық журналист ұсталды

136
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/n13yTGN2SSpbZo8kMd8eRR62d8DsSTOcKS2FVU0x.webp

22 маусым күні Орал қаласында белгілі қазақстандық журналист Лұқпан Ахмедияров ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Лұқпан Ахмедияров - «Уральская неделя» газетінің бұрынғы бас редакторы, қазіргі «Просто журналистика» YouTube арнасының авторы әрі жүргізушісі.

Журналистің айтуынша, полиция оның көлігін сақтандыру полисінің болмауына байланысты тоқтатқан. Алайда кейін оған РФ сұрауы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүргені хабарланған.

Ахмедияров полиция қызметкерлері өзіне Ресейде Қылмыстық кодекстің 207.3-бабы («Ресей армиясы туралы жалған ақпарат тарату») бойынша іс қозғалғанын айтқанын жеткізді. Ол мұндай іс туралы тек ұсталған күні білгенін және Ресейге соңғы рет 2016 жылы барғанын мәлімдеді.

Журналист медициналық тексеруден өтіп, кейін полиция басқармасына жеткізілген. Адвокатының сөзінше, Ахмедияровтың іс бойынша қандай да бір процессуалдық мәртебесі болмаған.

Кейін Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті журналистің сақтандырусыз көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын растады. Ал Ресей жариялаған іздеу туралы ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Лұқпан Ахмедияров соңғы жылдары Украинадағы жағдай туралы репортаждар дайындап, Ресейдің Украинадағы соғысына қатысты материалдар жариялап келеді. Ресей заңнамасындағы аталған бап бойынша ең жоғары жаза бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Комментарии