Президентін көп соттайтын ел. Сеулде бұрынғы басшы 30 жылға сотталды

139
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/piS0qgCcvafxZyzVIRUvcXKEcuwya8IqAytdpa9M.jpg

Бірінші инстанция соты Корея Республикасының бұрынғы президенті Юн Сок Ёлді Пхеньянға әскери жағдай енгізуге негіз жасау мақсатында дрондар жібергені үшін 30 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы The Korea Herald агенттігі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Сеулдің орталық округтік соты Юн Сок Ёлді жауға көмектесу және билікті асыра пайдалану баптары бойынша кінәлі деп таныды. «Жауға көмектесу» бабы әскери салада КХДР-ға тікелей келісімсіз болса да, Оңтүстік Корея мүдделеріне зиян келтірілген жағдайда қолданылады. 2024 жылдың күзінде Оңтүстік Корея аумағынан Пхеньян маңына бірнеше дрон жіберілген, олардың кемінде бірі құлап, КХДР инженерлерінің қолына түскен.

«Әскери саладағы бұл операцияның ел мүддесіне келтірген зияны аса ауыр болмаса да, айыпталушылар Солтүстік Кореяны арандатуға тырысып, әскери жағдай жариялауға негіз жасау үшін бұл әрекетті пайдаланған», – деді судья.

Соттың пікірінше, бұл әрекет Солтүстік Кореяның қоқыс салынған шарлар жіберуіне жауап ретінде жасалған әділ қадам ретінде қарастырылмайды, оның артында мемлекеттік қауіпсіздікке немесе қорғанысқа қатысы жоқ жеке мүдделер тұрған.

2024 жылдың желтоқсанында Юн Сок Ёл конституцияны бұза отырып, әскери жағдай жариялаған, кейін ол биліктен шеттетілді. Сол жылдың көктемі мен жазында КХДР аумағынан белсенділер жіберген медициналық заттар мен үгіт материалдарына жауап ретінде қоқыс салынған әуе шарлары жіберілген.

Ал ақпанда бірінші инстанция соты Юн Сок Ёлді әскери жағдай оқиғаларына байланысты мемлекеттік құрылымға қарсы бүлік жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын.

Бұрын да Оңтүстік Кореяның бірнеше президенті әртүрлі мерзімге сотталған. Олардың кейбірі кейін ақталған.  

Комментарии