Ресей бірқатар құқық қорғау ұйымдарын экстремистік тізімге қосты

89
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9qQlmPTxCnUodOU6DbYfEeoyWSsz4uwlFbNdNP4t.webp

Ресейдің қаржы мониторингі террористік және экстремистік деп танылған ұйымдар тізімін кеңейтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жаңартылған тізімге құқық қорғау және тарихи-ағартушылық бағыттағы бірқатар ұйымдар енгізілген.

Атап айтқанда, тізімге құқық қорғау медиажобасы ОВД-Инфо, мәдени кеңістік Револьт-центр және музей Пермь-36 енгізілген. Жалпы алғанда, шешім 30-дан астам құрылымды қамтиды.

Сондай-ақ тізімге Мемориал ұйымымен байланысты шетелдегі 13-тен астам құрылым да кірген. Олар Германия, Франция, Италия, Польша, Швейцария, Чехия, Литва, Израиль, Украина және Беларусь сияқты елдерде тіркелген.

Бұл шешім Ресей жоғары соты 2025 жылдың сәуірінде «Мемориал» қозғалысын экстремистік ұйым деп танығаннан кейінгі құқықтық саясаттың жалғасы ретінде қарастырылып отыр. Ұйым өкілдері бұған дейін мұндай «біртұтас құрылымның» заңды түрде жоқ екенін айтып, оны тәуелсіз ұйымдар желісі ретінде сипаттаған.

Жаңа шешім құқық қорғау, тарихи жады және азаматтық еркіндік мәселелерімен айналысатын бірқатар бастамаларға қатысты шектеулерді күшейтеді.

Комментарии