Украина Германиядан қосымша зымыран сұрады

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mglJiFXiFIb1P5lspwlsaX8EhMtUc6lf7FOgv9MK.jpg

Украина Германиядан бундесвер қорындағы бірнеше ондаған Patriot зымыран-тосқауылдағышын беруді сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Bloomberg агенттігіне сілтеп.

Басылым мәліметінше, Киев қосымша әуе қорғаныс құралдарын 2026 жылдың өзінде алуға мүдделі. Ұсынылып отырған келісімге сәйкес, Германия зымырандарды жедел жеткізсе, Украина кейін өз аумағында өндірілген зениттік зымырандарды Германияға беру міндеттемесін алады.

Алайда Германияның қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартқан. Ал Украина президенті кеңсесі Bloomberg агенттігінің сауалына жауап бермеген. Германия үкіметі Киевтің өтінішін әлі қарастыруда. Тиісті шешім шілде айында өтетін НАТО саммитіне дейін немесе саммит барысында жариялануы мүмкін.

Сәуір айында Берлин Украинаға 4 миллиард еуро көлемінде әскери көмек пакетін бөлген болатын. Оның құрамына Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған бірнеше жүз зымыранды жеткізуді қаржыландыру да енгізілген. Украина соңғы уақытта Patriot жүйелеріне арналған зымырандардың тапшылығын сезініп отыр. Бұған дейін президент Владимир Зеленский қолда бар қорлардың жақын арада таусылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді

Комментарии