Астанада төрт жастағы бүлдіршін терезеден құлап мерт болды

87
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gSHluWkkGUGC3HL0iXyVvujPvpHO669WWA1ri1yP.jpg

Астанада төрт жастағы бүлдіршін терезеден құлап қаза тапты. Бұл туралы Елорда полициясы жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға Сарайшық көшесіндегі 7/1 мекенжайында болған. Мәліметке сәйкес, төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Полицияның мәліметінше, бүлдіршін алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Баланың терезеден құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Осыған ұқсас қайғылы жағдай екі күн бұрын да Астанада болған. Ол кезде тағы бір төрт жастағы қыз жетінші қабаттың терезесінен москит торымен бірге құлап, көз жұмған болатын.

Құтқарушылар мен дәрігерлер москит торы балаларға тірек бола алмайтынын үнемі ескертіп келеді. Мамандардың айтуынша, ол жалған қауіпсіздік сезімін ғана қалыптастырады.

 

Комментарии