Бишімбаевтың өмірі туралы. Назым Қаһарман кітап шығаратынын айтты

260
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TZOmspJ9Q2cfJpC4pBi3E5hcmjJwhUuRp8TqaAg1.webp

Экс-министр Бишімбаевтың бұрынғы жары Назым Қаһарман өмірбаяндық кітабын жарыққа шығармақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол бұл ойы туралы желіде айтты.

Назым Қаһарманның сөзінше, қазіргі таңда кітап баспаның қарауында жатыр. Автор туындының таныстырылымын биыл күзде өткізуді жоспарлап отыр.

Оның айтуынша, кітап автофикшн жанрында жазылған. Яғни шығарма нақты өмірде болған оқиғаларға негізделгенімен, көркем әдебиет элементтері де қолданылған.

Қаһарман еңбегінде бұрынғы жұбайының жеке өміріне қатысты кейбір жайттарды қозғайтынын айтты. Атап айтқанда, кітапта Бишімбаевтың көңіл жарастырған әйелдері туралы сөз болады. Дегенмен автор олардың тек есімдерін ғана көрсетіп, жеке деректерін жарияламайтынын атап өтті.

Сонымен қатар Назым Қаһарман кітаптағы мәліметтерге байланысты қандай да бір талап-арыз түссе, өз ұстанымын дәлелдеуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, қолында бұрынғы күйеуіне қатысты хат-хабарлар мен өзге де дәлелдер сақталған.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыздықпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Комментарии