Ақтөбеде көпқабатты үй ауласындағы футбол алаңында бала жарақат алды. Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Адырна".
Мәліметке сәйкес, 12-шағын аудандағы №45 үйдің ауласында бекітілмеген футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы – «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бойынша іс тіркелгенін хабарлады.
Қазіргі уақытта футбол алаңының салынуы мен оған қызмет көрсету жағдайлары Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы тексеріліп жатыр.
Новости по теме
