Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы  қашан басталатыны айтылды

464
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/79kkYLLhF7TQrBEHSE4X2dDS3OODblcmSueKfaJi.jpg

Еліміздегі алғашқы АЭС-тің белсенді құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің қазіргі мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Ресей Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына қатысты үкіметаралық екі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Оның бірі — АЭС-тің тікелей құрылысына, екіншісі — жобаның қаржылық мәселелеріне қатысты құжат.

Бұған дейін «Росатом» басшысы Алексей Лихачев бірқатар БАҚ-қа берген сұхбатында АЭС 2030 жылдардың ортасында іске қосылатынын, станция кезең-кезеңімен пайдалануға берілетінін мәлімдеген еді.

Еске салайық, еліміздегі алғашқы АЭС «Балқаш» деп аталатын болды.

Комментарии