Щучинск қаласында орналасқан қонақүйлердің бірінің бірінші қабатындағы саунада өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, өрт бес қабатты қонақүй ғимаратының бірінші қабатында болған.
«Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Өрт 50 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 24 адам, оның ішінде екі бала өздігінен эвакуацияланды», – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Новости по теме
