Қырғызстандық MMA спортшы Медет Жээналиев Ыстықкөлде суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп, қаза тапты. Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған. Бұл туралы kaktus.media басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
30 жастағы спортшы көлде демалып жүрген кезде биік толқынға тап болған екі оқушы қыздың батып бара жатқанын байқайды. Медет досымен бірге бірден суға секіріп, қыздарды аман алып қалады. Алайда өзі жағалауға жете алмай, су астында қалып қойған.
«Тексеру барысында кәмелетке толмаған төрт қыздың көлде демалған және олардың бірі шомылу кезінде суға ағып кеткені анықталды. М.Ж. есімді азамат оны құтқарғанымен, өзі судан шыға алмай қалған. Құтқарушылар оның мәйітін келесі күні таңертең ғана су астынан алып шықты», - делінген басылым таратқан ақпаратта.
Медет Жээналиев 2017-2019 жылдары MMA спортында кәсіби түрде өнер көрсеткен. Ол октагонда төрт жекпе-жек өткізіп, екі мәрте жеңіске жеткен.
Как в 2021 году Костанайская область продвинулась в вопросах цифровизации? Разберемся на нескольких примерах
